Түркияның құлпынай экспорты артты

Түркияның құлпынай экспорты осы жылдың алғашқы ширегінде  333 пайыз артты.

1625726
Түркияның құлпынай экспорты артты

Эгей көкөніс және жеміс-жидек экспортшылар одағының төрағасы Хайреттин Ұшак бұл туралы жазбаша мәлімдеме жасады.Ұшак  мәлімдемесінде құлпынай экспортында Эгей аймағының алдыңғы қатарда орын алғанын білдірді. 

Өткен жылдың бірінші ширегінде Түркияның 993 мың долларлық құлпынай экспортын жасағанын түсіндірген Ұшак осы жылдың алғашқы үш айында Түркия көлемінде құлпынай экспортының 333 пайыз артып, 4 миллион 307 мың долларға ұласқанын баяндады. Ұшақ сонымен қатар Эгей аймағында болса 160 пайыздық артумен 839 мың долларға жеткенін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар