Түркияның алғашқы ширектегі экспорты 50 миллиард долларға жетті

3 айлық мезгілде ең көп экспорт 1 миллиард 875 миллион 111 мың доллармен Иракқа жасалды.

1614536
Түркияның алғашқы ширектегі экспорты 50 миллиард долларға жетті

Түркия биыл қаңтар мен наурыз кезеңінде көршілері Иран, Грекия, Ирак, Грузия, Сирия және Болгария елдеріне 4 миллиард 327 миллион 858 мың долларлық экспорт жасады.

Сауда министрлігі мен Түркия Экспортшылар мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның биылғы алғашқы ширекте жасаған экспорты 50 миллиард доллар ретінде тіркелді. 

Бұл "Ең жақсы алғашқы ширек экспорты" болып тіркелді.

Аталмыш елдерге жасалған экспорт қаңтар-наурыз кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда 21 пайыз артты.

3 айлық мезгілде ең көп экспорт 1 миллиард 875 миллион 111 мың доллармен Иракқа жасалды.

Болгария 766 миллион 300 мың долларлық экспортпен екінші орынды иеледі. 

Грекияға 589 миллион 26 мың долларлық, Иранға 481 миллион долларлық, Сирияға 324 миллион 536 долларлық экспорт жасалды.

Грузияға 291 миллион 884 мың долларлық сауда жасалды.

Түркияның 3 айда көршілеріне жасаған экспортының секторға қарай таралымында "Химиялық материалдар мен өнімдері" секторы алғашқы орынды иеледі.       



Ұқсас жаңалықтар