Кеме мен яхта секторы экспорты артты
Кеме мен яхта секторы экспортының Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 0.9 пайыз болды.

Түркияда кеме мен яхта секторы наурыз айында экспорты ең көп артқан сала болды.
Наурыз айы экспорты өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 42.2 пайыз артты, саудадан 18 миллиард 985 миллион доллар кіріс кірді.
Түркия Экспортшылар Мәжілісі санағына қарағанда 2020 жылы наурызда 68 миллион 798 мың доллар болған кеме мен яхта секторы экспорты биылғы ұқсас мезгілде 123.8 пайыз артып, 153 миллион 993 мың долларға көтерілді.
Кеме мен яхта секторы экспортының Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 0.9 пайыз болды.
Сектор өткен ай ең көп экспорт жасалған ел Норвегия болды.
Норвегияда ақпанда 108 миллион 571 мың долларлық экспорт жасалды.
Норвегиядан кейінгі кезекті 686 мың доллармен Малта иеледі. АҚШ 9 миллион 70 мың доллармен үшінші, Біркескен Корольдік 6 миллион 718 мың доллармен төртінші, 6 миллион 480 мың долларлық экспортпен Румыния бесінші орынды иеледі.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияның құлпынай экспорты артты
Түркияның құлпынай экспорты осы жылдың алғашқы ширегінде 333 пайыз артты.