Қаратеңізден 30 елге ақсерке сатылды

Ең көп экспорт жасалған елдер Ресей, Германия және Вьетнам.

1608350
Қаратеңізден 30 елге ақсерке сатылды

Түркиядан биылғы алғашқы екі айда 30 елге 7 мың 376 тонна Қаратеңіз ақсерке балығы сатылды.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының санағына қарағанда қаңтар мен ақпан айларында Қаратеңіз ақсерке балығының 4 мың 195 тонналық экспортынан 22 миллион 494 мың 67 доллар кіріс кірген. Өткен жылмен салыстырғанда экспорттың мөлшері 76 пайыз, құны 63 пайыз артқан. 

Ресей, Германия және Вьетнам ең көп ақсерке балығы сатылған елдер болды.



Ұқсас жаңалықтар