Паландөкен шаңғы тебушілерді қызықтыруда

Паландөкен Шаңғы орталығына келген  туристер апта соңында шаңғы теуіп, түрліше іс-шараларға қатысты.

1592348
Паландөкен шаңғы тебушілерді қызықтыруда
palandoken kayak.jpg
palandoken.jpg

Түркияның қысқы туризм орталығы Ерзурумдағы Паландөкен Шаңғы орталығына келген жергілікті және шетелдік туристер апта соңында шаңғы тебудің қызығына батты.

Демалуға ел іші мен сыртынан Паландөкен Шаңғы орталығына келген  туристер апта соңында шаңғы теуіп, түрліше іс-шараларға қатысты.

Қардың қалыңдығы бір метрден асқан орталықта балалар да отбасындағылармен бірге шанамен сырғанады.

Жаңаланған база сапалы қонақ үйлерімен де шаңғыны ұнатушыларға тамаша мүмкіндіктер ұсынуда, 12 мың кісі шаңғы тебе алатын орталықта шектеме сыртында қалған туристер жаңа типті коронавирус індеті сақтық шараларына бағынып, көңілді уақыт өткізуде.

Жолдастарымен бірге шаңғы тебуге келген Вахдет Алааттиноғлу тамаша ортада көңілді күндер өткізгендерін айтты және барша туристерді Паландөкенге келуге шақырды.  



Ұқсас жаңалықтар