23 елге 3 мың 980 тонна Қаратеңіз ақсеркесі сатылды

Ресей, Германия және Вьетнам ең көп ақсерке балығы сатылған елдер болды.

1590193
23 елге 3 мың 980 тонна Қаратеңіз ақсеркесі сатылды

Түркиядан биыл алғашқы айда 23 елге 3 мың 980 тонна Қаратеңіз ақсерке балығы экспорт етілді.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының санағына қарағанда 2 мың 127 тонна Қаратеңіз ақсерке балығы экспортынан 11 миллион 454 мың 937 доллар кіріс кірген қаңтар айында ауырлықта 87 пайыз, құнда 73 пайыз арту болды.

Экспорттан түскен пайда 19 миллион 811 мың 819 долларға жетті.

Ресей, Германия және Вьетнам ең көп ақсерке балығы сатылған елдер болды.

Ресейге 11 миллион 658 мың 150 долларлық Қаратеңіз ақсерке балығы экспорт етілді. 

Бір миллион 151 мың 726 доллармен Вьетнам екінші орынды иеледі.

Өткен жылдан өзгеше биылғы бірінші айда Беларусь, Әзербайжан-Нахичевань, Израиль  және Иорданияға ақсерке балығы сатылды.  



Ұқсас жаңалықтар