Газиантеп кілем саудасын дамытты

Бөлшек машина кілемі өндірісінің 70 пайызын Түркия және 53 пайызын Газиантеп кілем секторы өндіреді

1588619
Газиантеп кілем саудасын дамытты

Газиантептің әлем қажет еткен машина кілемінің жартысын өндірген қала екені жарияланды.

Түркия Экспортшылар мәжілісі Кілем секторы кеңесінің төрағасы Салахаттин Каплан жасаған мәлімдемесінде Түркияның кілем өндірісі барған сайын дамығанын, Газиантептің де өзгеше құндылыққа ие екенін айтты. 

Газиантептің тарих бойынша көптеген өркениетке үй иесі болған, Түркияның ең маңызды өнеркәсіп және сауда орталықтарының бірі екенін айтқан Каплан:

"Түркия бөлшек машина кілемінде әлемдегі ең ірі өндіріуші, осы нәтижеде Газиантептің маңызды орны бар. Бөлшек машина кілемі өндірісінің 70 пайызын Түркия және 53 пайызын Газиантеп кілем секторы өндіреді" деді.

Сектордың болашаққа үмітпен қарағанын айтқан Каплан:

"Экспортта маңызды табысқа жеткен түрік кілем саласы биылдан да үмітті. Өткен жылы жаңа типті коронавирус індетіне қарамай жұмысты жалғастырған және 2.6 миллиард долларлық экспорт жасаған сектор 2021 жылы үшін 3 миллиард долларды нысанаға алып отыр" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар