Түркия өнеркәсіп өндірісі артты

Варанк: "Экономика мен құқық саласындағы реформа жасау жігеріміз арқылы өсу нысанасын жалғастырамыз" деді.

1582454
Түркия өнеркәсіп өндірісі артты

Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк желтоқсан айында Үлкен-20 елдері арасында өнеркәсіп өнімдерін ең көп өндірген елдің Түркия болғанын хабарлады. 

Варанк өнеркәсіп өнімдеріне байланысты мәліметтерді әлеуметтік желіден бөлісті.

Варанк:

"Соңғы ширекте өнеркәсіп өндірісіндегі арту Түркияның 2020 жылды жақсы өсумен аяқтаған бірнеше елдің бірі болғанын аынқтады" деп көрсетті.

Министр Варанк: 

"Экономика мен құқық саласында реформа жасау жігеріміз бен өнеркәсібіміздегі талпыныс қабілеті арқылы сапалы да тұрақты өсу нысанамызды жалғастырамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар