Қаңтарда жеміс-жидек экспорты артты

Сектор қаңтарда 475 мың 714 тонналық жас жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етті.

1580459
Қаңтарда жеміс-жидек экспорты  артты

Түркияның қаңтар айындағы жас көкөніс пен жеміс-жидек экспорты өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 9 пайыз артып, кіріс 279 миллион долларға көтерілді.

Жерорта теңізі көкөніс пен жеміс-жидек экспортшылары одағы атқару комитетінің төрағасы Нежат Син жазбаша мәлімдемесінде өткен жылы 2.73 миллиард долларлық сауда жасаған сектордың 2021 жылғы экспорты артумен басталғанын хабарлады. 

Сектор қаңтарда 475 мың 714 тонналық жас жеміс-жидек пен көкөністі 9 пайыздық артумен 279 миллион долларға экспорт еткенін айтқан Син:

"Қаңтарда ең көп экспорт етілген өнім 71.8 миллион доллармен мандарин болды. 35.6 миллион доллармен қызанақ екінші, 31.4 миллион доллармен лимон үшінші орынды, 29.4 миллион долларлық экспортпен нар төртінші орынды иеледі. Осы төрт өнім 168.3 миллион доллармен сектор экспортының 61 пайызын құрады" деді.

Син:

"Ресейге 80.4 миллион долларлық экспорт жасалды. Екінші орындағы Иракқа 26.4 миллион долларлық өнім сатылды. 22.6 миллион доллармен Румыния үшінші орынды иеледі. Қаңтарда ең көп экспорт 695 пайыздық артумен Сирияға жасалды және одан 6.5 миллион доллар кіріс кірді. 96 пайыз артудан 2.4 миллион доллар кіріс кіргізген Австрия екінші, 93 пайыздық арту көрсетіп, 26.4 миллион  долларлық сауда жасалған Ирак үшінші орынды иеледі." деді. 



Ұқсас жаңалықтар