Зергерлік бұйымдары экспорты артты

Санаққа қарағанда зергерлік бұйымдарында ең көп экспорт Африкаға жасалды.

1578898
Зергерлік бұйымдары экспорты артты

Зергерлік бұйымдарында өткен ай 13.4 пайыздық өсумен ең көп экспорт жасалған ай болды.

Түркия Экспортшылар мәжілісінің санды мәліметіне қарағанда өткен ай Түркияның экспорты 2020 жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 2.5 пайыз артып, 15 миллиард 48 миллион долларға жетті және ел тарихында қаңтар айындағы ең жоғары экспорт дәрежесіне жетті.

Өткен ай ең көп экспорт 13.4 пайыздық артумен зергерлік бұйымдарында жасалды.

Өткен жылы қаңтар айында 291 миллион 806 мың долларлық экспорт жасалған зергерлік бұйымдар секторында биылғы экспорт 330 миллион 861 мың долларға жетті. 

Санаққа қарағанда зергерлік бұйымдарында ең көп экспорт Африкаға жасалды.

Африкаға зергерлік бұйымдары экспорты оның алдындағы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 15 миллион 617 мың доллар артты.

Зергерлік бұйымдары секторында ең көп экспорт Швейцарияға жасалды.

Швейцарияға экспорт 2021 жылы қаңтарда 52 миллион 126 мың доллар артып, 70 миллион 600 мың долларға көтерілді.

АҚШ 15 миллион 86 мың долларлық экспортпен екінші, Мысыр 14 миллион 184 мың долларлық экспортпен үшінші орынды иеледі.    



Ұқсас жаңалықтар