Қытайға баратын экспорт пойызы жолға шықты

Қытайдың Шиан қаласына баратын жаңа экспорт пойызы Анкарадан жолға шықты.

1573523
Қытайға баратын экспорт пойызы жолға шықты

Баку-Тбилиси-Карс пойыз жолы желісі арқылы Түркия мен Қытай арасына қатынайтын үшінші экспорт пойызының дайындықтары аяқтады. 

Түркиядан Қытайға баратын пойызды Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез бен Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу аттандырып салды. 

Министр Дөнмез бұл жердегі сөзінде Түркиядан Қытайға теміржолы арқылы алғашқы бор экпортын жасағанын білдірді. 

Дөнмез "Теңіз жолы арқылы мөлшермен 45 немесе 60 күн арасында жүзеге асырылатын экспортты теміржолымен 15-20 күнде жасай аламыз" деді. 

40 контейнермен тасымалданатын бор "Eti" кен басқармасы тарапынан Қытайға экспорт етіледі.

Пойыз мемлекет ішінде Анкара, Сивас, Карс сынды қалалардан өтеді. Ал шетелде ретімен Грузия,Әзербайжан, Каспий теңізі және  Қазақстаннан өтіп, соңында Қытайдың Шиан қаласына барып тоқтайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар