Халықаралық Ақша қоры жылдық рапортын жариялады

Рапортта жаһандық экономиканың 2021 жылы 5.5 пайыз және 2022 жылы 4.2 пайыз өсуі межеленгені хабарланды.

1571656
Халықаралық Ақша қоры жылдық рапортын жариялады

Халықаралық Ақша қоры (IMF) 2021 жылға байланысты жаһандық экономикалық өсу мөлшерін 5.2 пайыздан 5.5 пайызға көтерді.

Халықаралық Ақша қоры (IMF) Дүниежүзілік Экономикалық көрініс рапортын жаңалады.

Рапортта жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасына байланысты дамудың үмітті арттырғанына қарамай, жаңа толқындар мен вирустың жаңа түрінің экономикалық көрініс үшін алаң туғызғаны білдірілді. 

Ағымдағы жылдың алдағы кезеңіндегі іс-шаралардың вакцинамен бірге күшеюі және бірнеше ірі экономикада қосымша саясат қолдауы күтілгеніне меңзелген рапортта жаһандық экономиканың 2021 жылы 5.5 пайыз және 2022 жылы 4.2 пайыз өсуі межеленгені хабарланды.

Халықаралық Ақша қоры (IMF) 2020 жылы қазан айында жаһандық экономиканың биыл 5.2 пайыз өсетінін болжаған болатын.

Рапортта 2020 жылы бұрын 4.4 пайыз кішірейетіні мөлшерленген жаһандық экономиканың жылдың екінші жартысында күтілгеннен тіпті күшті бейне жарату арқылы  2020 жылы 3.5 пайыз тарайғаны межеленді.   



Ұқсас жаңалықтар