Өндірілген көліктердің көбі экспорт етілді

Сакарияда былтыр 255 мың 693 көлік өндірілді.

1570697
Өндірілген көліктердің көбі экспорт етілді

Түркияның автомобиль өндірісінде маңызды қалалары арасында орын алатын Сакарияда былтыр 255 мың 693 көлік өндірілді.

Автомобиль өнеркәсіп қоғамының деректеріне қарағанда, Түркияда 2020 жылы тракторды да қосқанда өндірілген 1 миллион 335 мың 957 көліктің 930 мың 38-і шетелге сатылды.

Осы көрсеткіште 21 пайыз үлесі бар Сакария өзі өндірген 255 мың 693 көліктің 76,4 пайызына дөп келетін 195 мың 504-ін экспорттады.

Сакария осылайша өндірілген әрбір 100 көліктің 76-сын шетелге сатты. Қала шетелге сатылған көліктердің ел экономикасына 4 миллиард 3 миллион 855 мың доллар табыс қамдады.

Экспорт тізімінде Стамбул, Бурса, Коджаелі, Измир, Анкара және Газиантептен кейін жетінші орында тұрған Сакария былтыр 153 ел мен он еркін аймаққа шамамен 4,5 миллиард доллар экспорт жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар