2020 жылы цитрус экспорты артты

Түркиядан 2020 жылы 933 миллион долларлық цитрус экспорт етілді.

1565337
2020 жылы цитрус экспорты артты

Түркияның 2020 жылы 933 миллион долларға жеткен цитрус (мандарин, лимон, апельсин) экспортының 437 миллион 696 мың доллары мандариннің шетелге саудасынан келді.

Жерорта теңізі Экспортшылар одағының санағына негізделгенде өткен жылы Түркиядан 933 миллион долларлық цитрус экспорт етілді.

Осы экспортта цитрус өнімдері арасында ең көп сатылған мандарин оның алдындағы жылы экспорт етілген 347 миллион 47 мың доллармен салыстырғанда 26 пайыз артты. 

Өткен жылы 861 мың 121 тонна мандарин экспорты жасалып, одан 437 миллион 696 мың доллар кіріс кірді.

Өткен жылы мандарин экспортынан кейінгі кезекті 273 миллион 927 мың доллармен лимон, 128 миллион 843 мың доллармен апельсин, 92 миллион 591 мың доллармен грейпфрут иеледі.  



Ұқсас жаңалықтар