Памуккалені 11 күнде 6 мың 850 кісі тамашалады

Төрт маусым бойынша туристерді қызықтырған ақ бейіш Памуккале жаңа жылда да сапарлаушылардың назарын аударды.

1562202
Памуккалені 11 күнде 6 мың 850 кісі тамашалады

БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлемдік мұралар тізіміне енген Памуккалеге жылдың алғашқы 11 күнінде 6 мың 850 кісі сапарлай келді. 

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Денизли уәлаятындағы Памуккалеге келген жергілікті және шетелдік туристер жаңа типті коронавирус індеті шаралары бойынша сапарларды жалғастыруда.

Памуккалеге келген қонақтар маска киіп, әлеуметтік аралық пен тазалық шараларын сақтап, травертиндерді, шипалы арасан суы мен төңіректегі антикалық қалаларды аралау мүмкіндігіне жетіп отыр.

Төрт маусым бойынша туристерді қызықтырған ақ бейіш Памуккале жаңа жылда да сапарлаушылардың назарын аударды.   



Ұқсас жаңалықтар