Түркия өнеркәсіп экспорты рекорд жаратты

Өнеркәсіп саласында желтоқсан айында 13 миллиард 308 миллион 486 мың долларлық экспорт жасалды.

1560840
Түркия өнеркәсіп экспорты рекорд жаратты

Түрік өнеркәсіп саласы жаңа типті коронавирус індетінің болымсыз әсерлерінен құтылып, өткен ай 13 миллиард 308 миллион 486 мың долларлық экспортпен  2020 жылы ең көп сыртқы саудаға қол жеткізді.

Түркия Экспортшылар Мәжілісінің санағына қарағанда Түркияның өнеркәсіп экспорты коронавирус індетінің нашар әсеріне қарамай желтоқсан айында 13 миллиард 308 миллион 486 мың долларлық экспорт жасады. 

Бұл сан өнеркәсіп кәсіпорны саласының 2020 жылғы ең жоғары дәрежелі экспорты болды. 

Түркияның өнеркәсіп экспорты желтоқсанда қараша айына қарағанда 9 пайыз, 2019 жылғы ұқсас мезгілмен салыстырған 15.8 пайыз артты.  



Ұқсас жаңалықтар