Түркия 83 елге 107 миллион долларға гүл сатты

Гүл экспортында басты орынды Голландия, Ұлыбритания, Германия, Румыния және Болгария иеледі.

1560200
Түркия 83 елге 107 миллион долларға гүл сатты

Түркия жаңа типті коронавирус індетіне қарамай 83 елге мөлшермен 107 миллион долларлық гүл экспорт етті.

Ел көлемінде мөлшермен 55 мың гектарлық алаңда өндірілген гүлдер жаңа жыл, ғашықтар күні, әйелдер мерекесі және аналар мерекесі сияқты арнайы күндерде жыл бойынша ішкі нарықта және шетелге сатылды.

Өңделген гүлдер, ішкі мекендер мен сыртқы мекердерді безендіретін өсімдіктер, гүл шамдары мен гүл шоқтары экспортында Безендіру өсімдіктері мен өнімдері экспортшылары одағының санағына қарағанда өткен жылы шетелге қалампыр гүлін қамтыған 505 миллион дана гүл сатылған.

Гүл экспортында басты орынды Голландия иеледі. Келесі кезекті орындарды Ұлыбритания, Германия, Румыния мен Болгария иеледі.     



Ұқсас жаңалықтар