Түркияда алтын өндірісі 42 тоннамен рекорд жаратты

Дөнмез: "20 жаңа алтын кені жобасы инвестиция үшін күтуде. Осы жобалардың іске қосылуымен алтын өндірісін 100 тоннаға көбейтеміз" деді.

1559421
Түркияда алтын өндірісі 42 тоннамен рекорд жаратты

Түркияда алтын өндірісі 2020 жылдың соңында Түркия Республикасы құрылған 1923 жылдан бергі рекордты жаратып, 42 тоннаға жетті.

Энергия және Табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез Алтын кеншілері қоғамы өкілдерін қабылдаған кездегі сөзінде өткен жылы энергия мен кеншілік кәсібі тұрғысынан табыспен өткенін айтты.

Түркияның алтын өндірісіне 2001 жылы 1.4 тоннамен бастағанын тілге тиек еткен Дөнмез 20 жылда жалпы 382 тонна алтын өндірілгенін, бұл өндіріспен елдің табысы 76 тонна алтынға тең өредегі салық кірісі болғанын білдірді.

Түркияда жергілікті және шетелдік жалпы 18 алтын кенінің өндірісті жалғастырғанын айтқан Дөнмез:

"20 жаңа алтын кені жобасы инвестиция үшін күтуде. Осы жобалардың іске қосылуымен алтын өндірісін 100 тоннаға көбейтеміз" деді.

Дөнмез 2020 жылы алтын өндірісінің 40-45 тонна арасында болуы нысанаға алынғанына назар аударып:

"Алтын өндірісіміз жаңа типті коронавирус індетіне қарамай, 2020 жылдың соңында Республика тарихындағы рекордты жаратып, 42 тоннаға жетті. Осылайша экономикамызға 2.4 миллиард долларлық есе қостық" деп көрсетті.      



Ұқсас жаңалықтар