Шетелдіктер Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр

9 мың 469 кісі 43 қаламыздан мүлік сатып алып, түрік азаматы атанды.

1557147
Шетелдіктер Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр

Түркиядан бүгінге дейін 184 түрлі елдің азаматтары жылжымайтын мүлік сатып алды.

Халықаралық инвестиция басқару және жылжымайтын жобалардың халықаралық саудасын басқарған Mars Investment компаниясының бас директоры Хакан Бужак Түркияның әлемдегі елдердің барлығына дерлігіне қолжетімді екенін білдірді.

Ол Еуропада жүргізілген зерттеуге қарағанда, коронавирус эпидемиясы басталғаннан кейін жылжымайтын мүлік саласы ең жылдам жұмыс істеген екінші елдің Жаңа Зеландиядан кейін Түркия екенін айтты. Ол елде шетелдіктерге үй сатудың артқанын білдірді.

Қазірге дейін Түркиядан 184 түрлі елдің азаматтары жылжымайтын мүлік сатып алған.

«Соңғы кезде Қытай, Нигерия, Пәкістан, Банглдеш, Сенегал және Доминика секілді елдерден көп сұраныс келіп жатыр.  Сонымен бірге Еуропа елдерінен де инвестицияға жылдамдық қосылды. Көп жылдардан кейін Франция, Германия, Португалия және Испания секілді елдерден инвесторлар келіп, тұрғын үй сатып ала бастады. Америка Құрама Штаттарында тұратын мұсылмандардың да сұранысы артты» дед ол.

Бужак: «105 түрлі елден 9 мың 469 кісі 43 қаламыздан мүлік сатып алып, түрік азаматы атанды.  Олардың көбі қытайлықтар, артынан Палестина, Иордания, Ливия, Мысыр және Пәкістан келеді.» деді.



Ұқсас жаңалықтар