Сомали министрі түрік инвесторларына алғыс айтты

Джамал Мұхаммед мемлекетінде инвестиция салған түрік инвесторларына алғыс айтты.

1542507
Сомали министрі түрік инвесторларына алғыс айтты

Сомали Жоспарлау, инвестиция және экономикалық даму министрі Джамал Мұхаммед мемлекетінде инвестиция салған түрік инвесторларына алғыс айтты. 

Мұхаммед түрік инвесторлары тарапынан салынған " Decale"(Декале) қонақүйінде ұйымдастырылған жиналысқа тақысты. Жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған Мұхаммед Сомалидің дамуына Түркияның үлкен үлес қосқанын білдірді. 

Мұхаммед "Сомали мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін инвесторларға жеңілдіктер жасаймыз. Сомалиде инвестиция салған түрік инвесторларына алғыс айтамын" деген сөздер қолданды. 

Түркияның Сомалидегі өкілетті және төтенше елшісі Мехмет Йылмаз түрлі қиыншылықтарға қарамастан Сомалидегі инвестициялардың тез қарқында үлкеюіне риза болғанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар