Стамбұл мен Анталияда шетелдіктерге 20 мыңнан астам үй сатылды

10 айда шетелдіктерге ел көлемінде 31 мың 423 үй сатылды.

1536437
Стамбұл мен Анталияда шетелдіктерге 20 мыңнан астам үй сатылды

Шетелдіктерге сатылған үйдің үштен екі бөлегін иелеген Стамбұл мен Анталияда қаңтар мен қазан айлары арасында 20 мың 477 үй сатылды.

Алғашқы 10 айда шетелдіктерге ел көлемінде сатылған үй саны 31 мың 423 болды. Бұл үйлердің 65.2 пайызы Стамбұл мен Анталияда сатылды.

Осы мезгілде Стамбұлда 14 мың 424 үй сатылған.

Шетелдіктердің Анталиядан сатып алған үй саны 6 мың 53 болды. 

Анкарада 2 мың 176 үй сатылды. Бурсада 1 мың 68 үй, Яловада 1 мың 8 үй, Мерсинде 994 үй, Измирде 731 үй, Самсунда 698 үй, Сакарияда 678 және Муглада 613 үй сатылды. 

Кәсіпорын өкілдері Стамбұл мен Анталияның шетелдіктерге үй сатуда алғашқы орынды иелеуінің басты себебі аты танымал болғандығынан деп бағалады. 



Ұқсас жаңалықтар