Ең ұзын жағажайға ие Мугла туристерді қызықтыруда

Мугла қаласы 340 мың төсек-орны бар базаларымен жергілікті және шетелдік қонақтарға ұмытылмас көңілді күндер сыйлауда.

1531558
Ең ұзын жағажайға ие Мугла туристерді қызықтыруда

Түркияның танымал туризм орталықтарынан Муглаға жылдың басынан 15 қарашаға дейін 693 мың 846 турист келіп демалды.

Түркияның 1484 километрмен ең ұзын жағажай желісіне ие, табиғи көркемдіктері және антикалық қаласымен әйгілі туризм орталығы Мугла қаласы 340 мың төсек-орны бар базаларымен жергілікті және шетелдік қонақтарға ұмытылмас көңілді күндер сыйлауда.

Туристер Бодрум, Мармарис, Фетхие, Датча, Ортажа, Милас және Ула сияқты аудандарында түрліше туризм мүмкіндіктерін ұсынған қала жаңа типті коронавирус індеті сақтық шараларымен теңіз, құм және күннің қызығына батқысы келгендердің таптырмайтын мекеніне айналды.

Уәлаят Мәдениет және Туризм  директоры Зекерия Бигөл қалаға көп елден турист келгенін айтып:

"1 қаңтар мен 15 қараша арасында қалаға келген турист саны 693 мың 846 кісіге жетті. Мұның 309 мың 424-і ағылшындар. Ұлыбритания Мугланың негізгі нарқы. Одан кейінгі көп турист Украина, Ресей, Германия, Польшадан келді. Мәдениет және Туризм министрлігінің бастамасымен  қатысты министрліктер мен жекеменшік кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен дайындалған "Сенімді туризм Сертификат бағдарламасы" туристердің келуінде ықпалды болды" деді.  



Ұқсас жаңалықтар