Өнеркәсіп өндіріс индексі өсті

Мұстафа Варанк Түркияның өнеркәсіп өндірісі индексі жылдық табыс күшімен Еуропада өндірісті ең көп арттырған ел болғанын хабарлады.

1527519
Өнеркәсіп өндіріс индексі өсті

Өнеркәсіп өндіріс индексі қыркүйекте айлық мөлшерде 1.7 пайыз, жылдық мөлшерде 8.1 пайыз артты.

Түркия Статистика ұйымы қыркүйек айындағы өнеркәсіп өндіріс индексі нәтижелерін жариялады.

Қыркүйек айындағы өнеркәсіп өндіріс индексі оның алдындағы айдан 1.7 пайыз өскен.

2019 жылы қыркүйекпен салыстырғанда 8.1 пайыз артқан, жылдық мөлшерде 11.17 пайыз жоғарлаған. 

Қыркүйекте кен мен тас ошақтары кәсіпорны индексі де 3.2 пайыз артқан, өндіріс өнеркәсібі индексі 1.4 пайыз, электр және газ, бу және кондиционер өндірісі мен таратылуы 4.2 пайыз артқан.

Өнеркәсіп және Технология министрі Мұстафа Варанк өнеркәсіп өндірісі индексіне байланысты мәлімдемесінде Түркияның жылдық табыс күшімен Еуропада өндірісті ең көп арттырған ел болғанын хабарлады.    



Ұқсас жаңалықтар