АҚШ БАӘ-не 23.37 миллиард долларлық қару сатады

Майк Помпео БАӘ-не 23.37 миллиард долларлық F-35  әскери ұшақтарын және MQ-9B типті қарулы адамсыз әуе көліктерін сатуды мақұлдады.

1525476
АҚШ БАӘ-не 23.37 миллиард долларлық қару сатады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 23.37 миллиард доллар құнындағы F-35  әскери ұшақтарының және MQ-9B типті қарулы адамсыз әуе көліктері мен әуеден әуеге, әуеден құрлыққа атылатын зымыран қорғаныс жүйесінің Біріккен Араб Әмірліктеріне сатылуын мақұлдағанын жариялады.

Майк Помпео жазбаша мәлімдемесінде:

"Конгреске Біріккен Араб Әмірліктеріне 10.4 миллиард долларлық 50 дана  F-35А  Lightening II әскери ұшағын, 2.97 миллиард долларға 18 дана MQ-9B  типті қарулы адамсыз әуе көліктерін және 10 миллиард долларға әуеден әуеге, әуеден құрлыққа атылатын зымыран қорғаныс жүйесін сатуды мақұлдау ниетімізді білдіру үшін министрлігімізге бұйрық бердім" деді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Израильмен қалыпқа түсу келісіміне қол қоюы аймақта стратегиялық тепе-теңдікті өзгертетін тарихи орай екеніне меңгзеген Помпео Иранды қамтыған АҚШ-тың дұшпандары аталмыш қалыпқа түсу процесін тоқтатуға талпынатынын алға тартты.

Помпео мәлімдемесінде мақұлданған сауда 1979 жылы Израиль мен Мысыр арасында түбейлі бейбітшілік үшін жасалған Камп Давид келісімінен к ейін АҚШ-тың Мысырмен құрған әскери ынтымақтастығына ұқсатуы назар аударды. 



Ұқсас жаңалықтар