Көкөніс және жеміс-жидек экспорты артты

Түркияның көкөніс және жеміс-жидек экспорты қазан айында 18 пайыз артты.

1523005
Көкөніс және жеміс-жидек экспорты артты

Түркияның көкөніс және жеміс-жидек экспорты қазан айында 18 пайыз артқаны білдірілді. 

Жерорта теңіз экспортшылар одағының төрағасы Недждат Син қазан айында  көкөніс және жеміс-жидек экспортының өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 18 пайыз артып,  264,6 миллион доллар кіріс түсіргенін білдірді. 

Син жасаған жазбаша мәлімдемесінде осы жылдың алғашқы 10 айында 148 елге экспорт жасалғанын және жіберілген 498 мың 398 тонналық өнімнен 264 миллион 604 мың доллар кіріс кіргенін баяндады.

Аталмыш айда ең көп көкөніс және жеміс-жидек экспорт етілген елдер арасында 77,3 миллион доллармен Ресейдің бірінші орынды иелегенін түсіндірген Син "Ресейден кейінгі орынды 27,7 миллион доллармен Ирак,  15,3 миллион доллармен Украина иеледі" деді.



Ұқсас жаңалықтар