2 миллиард долларға кілем сатылды
10 айда 174 елге 2 миллиард 57 миллион 553 мың долларлық кілем экспорт етілді.
1521228
Түркияның кілем экспорты 10 айда 2 миллиард доллардан асты.
Түркия Экспортшылар Мәжілісі Кілем кәсіпорны кеңесінің төрағасы Салахаттин Каплан биылғы 10 айда 174 елге 2 миллиард 57 миллион 553 мың долларлық кілем сатылғанын жариялады.
Пандемия себепті барлық салалар сияқты кілем өнеркәсібі де болымсыз әсерге ұшырағанын айтқан Каплан кілем экспортының барлық қиындықтарға қарамай мықты қадаммен ілгерлегенін білдірді.
Каплан қысқа уақытта шығынның орнын толтырғандарын және жыл соңындағы нысанаға беталғандарын айтты.