Сицилия аралында үйлер 1 евродан сатылады

Салемидегі үйлердің келер ай бір евродан бастаған бағамен аукцион әдісімен сатылатыны білдірілген.

1516304
Сицилия аралында үйлер 1 евродан сатылады

Италияның Сицилия аралындағы Салеми қалашығында бос қалған үйлер 1 евродан басталған бағамен сатылады.

CNN арнасындағы хабарға қарағанда Салемидегі үйлердің келер ай бір евродан бастаған бағамен аукцион әдісімен сатылатыны білдірілген.

Салеми қала әкімі Доменико Венути Сицилияның Белис аңғарында 1968 жылы болған зілзаладан кейін кемінде 4 мың кісінің қаладан кеткенін айтып, Салемиге жандылық әкелу үшін осы жобаны бастағандарын мәлімдеді.

Жобаға сай бір кісі бірнеше үй алуына болады, алайда бір үй үшін 3 мың евро "28 мың түрік лирасы) кепіл ақшасын төлеуі керек.

Алған үйді 3 жыл ішінде жаңаласаңыз кепілге берілген ақша қайтарылады.

Қызығушылардың Салемиге келуінің қажеті жоқ деген Венути үйді алған кісінің реставрация үшін бір жоба жолдауы керек екенін білдірді.

Италияның кейбір қалашықтарында осындай жобалар атқарылған еді.

Наполи маңындағы Орта ғасыр қалашығы Бисачиядағы үйлер 2019 жылы жазда 1 евродан сатылды.

Бисачиядан үй алғысы келгендер алғаннан кейін реставрация жасауға және отыруға кепілдік беруі керек болатын.      



Ұқсас жаңалықтар