Шие мен қызанақ экспорты артты

Түркиядан Германияға 9 айда 91 миллион долларлық  шие экспорт етілді.

1515643
Шие мен қызанақ экспорты артты

Түркияның таза жеміс және көкөніс экспортында алғашқы орынды "шие" мен "қызанақ" еншіледі.

Жерорта теңізі Экспортшылар одағының санақтарына қарағанда өткен жылы қаңтар-қыркүйек айларында 1 миллиард 354 миллион доллар болған таза жеміс пен көкөніс экспорты биылғы ұқсас кезгілде 1 миллиард 690 миллион 750 мың долларға көтерілген. 

Осы мезгілде 835 миллион 539 мың долларлық жеміс, 469 миллион 166 мың долларлық көкөніс, 373 миллион 863 мың долларлық цитрус (лимон-мандарин-апельсин) жемістері және 12 миллион 182 мың долларлық шай экспорт етілді.

224 миллион долларлық кіріспен шие экспорты алғашқы орынды иеледі.

Қызанақтан 226 миллион доллар кіріс кірді.

Түркиядан Германияға 9 айда 91 миллион долларлық  шие экспорт етілді.

Қызанақ экспортында Ресей 51 миллион доллармен алғашқы орынды иеледі. 



Ұқсас жаңалықтар