Албайрак алпауыт фирмалардың өкілдерімен кездеседі

Видеоконференция арқылы өткізілетін жиналысқа технология, автокөлік, энергия секілді секторлардан 100-ден астам фирманың өкілдері қатысады.

1515619
Албайрак алпауыт фирмалардың өкілдерімен кездеседі

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак жаһандық алпауыт фирмалардың өкілдерімен кездеседі. 

27 қазанда  "Citibank" тарапынан ұйымдастырылатын " Citibank инвестор" конференциясында Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак жаһандық алпауыт фирмалардың өкілдерімен кездеседі. 

Видеоконференция арқылы өткізілетін жиналысқа технология, автокөлік, энергия секілді секторлардан 100-ден астам фирманың өкілдері қатысады. 

Әлемнің көптеген аймақтарында жұмыс істеген жаһандық фирмалардың айналымдағы ақшалары және нарық құндары триллиондаған доллардан асады. 

Әлемнің ең бай фирмаларының өкілдері қатысатын жиналыста тікелей инвестициялар тақырыбында Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері, орайлары және жағдайлары қолға алынады. 

 



Ұқсас жаңалықтар