Румыния туристері Анталияны ұнатады

1 қаңтар мен 15 қазан арасында Румыниядан 42 мың 664 турист Анталияда демалды.

1514844
Румыния туристері Анталияны ұнатады

Анталия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті процесінде румыниялықтар үшін сенімді демалыс мекеніне айналды.

Мәдениет және Туризм уәлаят басқармасы санағына қарағанда 1 қаңтар мен 15 қазан арасында Румыниядан 42 мың 664 турист Анталияға келіп демалды. 

Бұл туристердің көбі соңғы үш айда келді.

Қалаға 15 күнде келген турист саны 2 мың 878 болып тіркелді.

Румынияның Түркиядағы өкілетті елшісі Габриель Каталин Шопанда өткен жылы 800 мың румын турист Түркияға келгенін, көбі Анталияда демалғанын айтты.

Анталияның аймақта ғана емес, әлемге танымал туризм орталығы болғанына меңзеген Шопанда:

"Румын туристердің көбі Анталияда демалуды ұнатады. Румын туристер жылдар бойы Анталияға келеді, бұдан былай да келуді жалғастырады" деді.    



Ұқсас жаңалықтар