Түркия лимон экспорты артты

Түркия лимон экспортында биыл  107 пайыздық артумен 29 миллион долларлық кіріс түсірді.

1513504
Түркия лимон экспорты артты

Түркияның қыркүйек айындағы лимон экспорты өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда көлем жағынан 81 пайыз және құндық жағынан 107 пайыз артты.

Жерорта теңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда өткен жылдың қыркүйек айында 27 мың тонна лимон экспорт етілсе, биыл бірдей мерзімде  81 пайыздық артумен 49 мың тонна лимон экспорт етілді.

Аталмыш кезеңде өткен жылы мөлшермен 14 миллион долларлық кіріс түсірсе, биыл  107 пайыздық артумен 29 миллион долларлық кіріс түсірді.

Ең көп лимон экспорт етілген ел Ирак болды. 

Одан кейін ретімен Польша, Ресей, Румыния және Сербия орын алды. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар