Патараның құм төбелері туристерді қызықтырды

Патара жағажайының қарсысындағы құм төбелерге шыққан туристер батып бара жатқан күннің теңдесіз көркемдігін тамашалайды.

1511385
Патараның құм төбелері туристерді қызықтырды

Анталияның Каш ауданы шекарасы ішіндегі Патара жағажайының құм төбелері туристерді шөл далада саяхатта жүргендей сезіндіреді. 

Тарихи және табиғи сұлулығымен жыл сайын миллиондаған туристі күтіп алатын Анталия саяхатшыларға су сарқырамаларынан су асты үңгірлеріне дейінгі түрліше көркемдікті ұсынады.

Қалада туристер ерекше қызығатын мекендердің бірі Каш ауданындағы Ликия одағының астанасы болған және мыңдаған жылдық тарихы бар Патара Антикалық қаласының маңындағы құм төбелері.

Антикалық қаланың ішінен өтіп, құм төбелеріне баратын туристер шөл далада жүргендей шаң-тозаңды сапарға шығады.

Тұқымы құруға беталған каретта каретта тасбақаларының жұмыртқалау орталығына айналған Патара жағажайының қарсысындағы құм төбелерге шыққан туристер суретке айналған аймақта батып бара жатқан күннің теңдесіз көркемдігін тамашалайды.     



Ұқсас жаңалықтар