Түркия бал экспортынан көп кіріс түсірді

Түркиядан осы жылдың 9 айында 45 елге 18 миллион доллардан астам бал сатылды.

1510331
Түркия бал экспортынан көп кіріс түсірді

Түркиядан осы жылдың 9 айында 45 елге 18 миллион доллардан астам бал сатылды. 

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда 2020 жылы қаңтар-қыркүйекте 4 мың 101 тонна бал экспорт етілді. Аталмыш экспорттан 18 миллион 196 мың 233 доллар кіріс түсірді.

Өткен жылдың бірдей мерзімінде де 3 мың 556 тонна бал экспортынан 15 миллион 672 мың 422 доллар кіріс түсірген еді. Осыған қарағанда бал экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда көлем жағынан 15 пайыз, құндық жағынан16 пайыз артты.

Германия, Америка Құрама Штаттары және Сауд Арабиясы ең көп бал экспорт етілген елдер болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар