Пәкістан мен Түркия арасындағы сауда артады

Кази Пәкістанда азық-түлік, қызмет, инфрақұрылым және құрылыс секілді түрлі салада 100 түрік фирмасының жұмыс істеп жатқаны айтты.

1510094
Пәкістан мен Түркия арасындағы сауда артады

Пәкістанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Мұхаммед Сохаил Сежжад Кази мен Түркияның Пәкістандағы өкілетті және төтенше елшісі Ихсан Мұстафа Юрдакул екі ел арасындағы сауданың арттырылуы үшін тіпті көп жұмыс істеуі тақырыбында уәделісті. 

Орталығы Исламабадта болған ой-пікір ұйымы "Мұсылман институты" тарапынан ұйымдастырылған бағдарламада сөз сөйлеген Пәкістанның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Мұхаммед Сохаил Сежжад Кази Исламаб пен Анкараның әлемдегі ең жақсы саяси және дипоматиялық қарым-қатынастарға ие болғанына ризашылығын білдірді. 
Кази екі елдің терең тарихи, саяси және мәдени қарым-қатынастарына ие екенін, сондай-ақ екі ел халық санының  300 миллионнан асқанын түсіндірді. Кази осындай мүмкіншіліктерге қарамастан екі ел арасындағы сауданың 600 мен 800 миллион арасында болғанын баяндады. 
Экономикалық қарым-қатынастарға тоқталған Кази президент Режеп Тайып Ердоғанның биылғы Пәкістан сапары барысында екі елдің саудасын дамыту жөнінде келісімге барғанын еске салды. 
Кази Пәкістанда азық-түлік, қызмет, инфрақұрылым және құрылыс секілді түрлі салада 100 түрік фирмасының жұмыс істеп жатқаны айтты. 
Түркияның Пәкістандағы өкілетті және төтенше елшісі Ихсан Мұстафа Юрдакул да екі елдің өте жақсы саси қарым-қатынастарға ие екенін, алайда экономикалық байланыста бір олқылық болғанын атап өтті. 
Юрдакул екі елдің көптеген секторда жақсы ынтымақтастықта болғанын білдіріп, қорғаныс өнеркәсібінің ең табысты салалардың бірі екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар