Қаратеңіздің су өнімдері экспорты артты

Ресей Федерациясы, Вьетнам, Грузия, Жапония және Польша ең көп экспорт жасалған елдер.

1508420
Қаратеңіздің су өнімдері экспорты артты

Шығыс Қаратеңізден алғашқы 9 айда жасалған су өнімдері экспорты өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 38 пайыз артты.

Аймақтан жылдың  қаңтар-қыркүйек айлары маусымында 12 елге 8 мың 390 тонна су өнімдері экспорт етілді. Аталмыш экспорттан 37 миллион 389 мың 615 доллар кіріс кірді.

Шығыс Қаратеңізден жасалған су өнімдері экспорты өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда мөлшері 78 пайыз, құны 38 пайыз артты.

Ресей Федерациясы, Вьетнам, Грузия, Жапония және Польша ең көп экспорт жасалған елдер болды. 

Бұрын экспорт жасалмаған Франция, Украина, Қытай, Голландия және Беларусь елдеріне де су өнімдері сатылды.

Бастысы Трабзон мен Ризе уәлаяттарынан  экспорт етілген кемпір қосақ ала балығы Ресей, Жапония және Еуропа елдеріне сатылды.   



Ұқсас жаңалықтар