Муглаға туристер ағылуда

1 қаңтар мен 30 қыркүйек арасында 610 мың 517 турист Мугланы таңдады.

1506975
Муглаға туристер ағылуда

Мугланың әлемге танымал туризм орталықтары жылдың алғашқы 9 айында 610 мың 517 туристі күтіп алды.

Мәдениет және Туризм министрлігінің жетекшілігінде басталған "Сенімді Туризм сертификат бағдарламасы" аясында туризм жандана бастаған Муглада ағылшындарды қамтыған көптеген шетелдік және жергілікті туристер денсаулық сақтау қамдалған және сенімді демалу мүмкіндігін табуда.

Табиғи көркемдігі және антикалық қалаларымен танымал қалада 340 мың төсек-орны бар туристік мекендер қызмет беруде.

Уәлаят Мәдениет және туризм басқармасы санағына қарағанда қаладағы жандану тамызда артқан, аймаққа ең көп турист қыркүйек айында келген.

1 қаңтар мен 30 қыркүйек арасында 610 мың 517 турист Мугланы таңдады.

Мұның 288 мың 84-і ағылшындар. 

Ағылшындардан кейінгі қатарда Украина, Ресей, Германия және Польша туристері бар.     



Ұқсас жаңалықтар