189 елге тоқыма бұйымдарын саттық

Гремания, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия және Франция елдеріне ең көп тоқыма өнімі сатылды.

1505540
189 елге тоқыма бұйымдарын саттық

Түрік үй тоқыма бұйымдары 189 елде үйлерді әсемдеуде.

Түркия Үй тоқыма өнеркәсібі және іскерлер қоғамы әкімшілік кеңесінің төрағасы Хасан Хусейн Байрам жазбаша мәлімдемесінде жаңа типті коронавирус індетінің жаһандық саудаға қара бұлт болып шөккеніне қарамай, түрік үй тоқыма бұйымдарының төңіректің төрт бұрышына таралғанын білдірді.

Байрам қыркүйек айында экспортты 14 пайыздан астам арттырған кәсіпорынның алғашқы 9 айда 189 ел, еркін аймақ және автономиялық аймақтарға өнімін сатқанын хабарлады.

Ең көп экспорт жасалған елдер Гремания, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия және Франция болғанын айтқан Байрам өткен жылы экспорт жасалмаған Гвинея, Хайти, Бутан, Никарагуа және Фарер аралдарымен де биыл сауда жасалғанына назар аударды.    



Ұқсас жаңалықтар