Түркияда қыркүйекте 9 миллион жолаушы ұшты

Жылдың тоғыз айында әуежайлардағы жалпы жолаушы саны 61 миллион 764 мың 733 кісі болған.

1504699
Түркияда қыркүйекте 9 миллион жолаушы ұшты

Түркиядағы әуежайларда қыркүйек айында қызмет көрсетілген жалпы жолаушы саны 9 миллион 474 мың 204 кісі ретінде тіркелді.

Қатынас және Инфрақұрылым министрлігі Мемлекеттік әуежайлар Бас директорлығы қыркүйек айы және қаңтар-қыркүйек кезеңіне байланысты әуежолы, ұшақ, жолаушы және жүк тасымалы санақтарын жариялады.

Санаққа қарағанда қыркүйек айында ішкі және сыртқы рейстерде жалпы ұшақ қатынасы 112 мың 832 болған.

Жылдың тоғыз айында әуежайлардағы жалпы жолаушы саны 61 миллион 764 мың 733 кісі болған.

Тамыз айында ішкі желілерде 3 миллион 810 мың 11 болған жолаушы саны қыркүйекте оның алдындағы айдан 13.5 пайыз артып, 4 миллион 325 мың 265 кісі болды. 

Тамызда 32 мың 41 болған Түркиядағы сыртқы желідегі ұшақ рейстері қыркүйекте оның алдындағы аймен салыстырған 1.4 пайыз артып, 32 мың 497 кісі ретінде тіркелген.   



Ұқсас жаңалықтар