Трабзоннан 117 елге экспорт жасалды
Бұл экспорттан 676 миллион 776 мың 417 доллар кіріс кірді.
Трабзоннан қаңтар мен тамыз айлары кезеңінде 676 миллион 776 мың 417 долларлық экспорт жасалды.
Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының санағына қарағанда қаладан жылдың 8 айында 117 елге 306 мың 997 тонналық экспорт жасалды.
Бұл экспорттан 676 миллион 776 мың 417 доллар кіріс кірді.
Италия, Германия және Ресей ең көп экспорт жасалған елдер болды.
Трабзоннан осы кезеңде Италияға 118 миллион 869 мың 537, Германияға 95 миллион 366 мың 846, Ресейге 88 миллион 341 мың 504 долларлық экспорт жасалды.
Алдыңғы кезеңдерде Гана, Парагуай, Никарагуа, Йемен, Джибути, Уганда, Бахрейн, Сирия, Нигерия, Гондурас, Хорватия қатарлы елдерге экспорт жасалды.
Қаладан жасалған экспортта 467 миллион 491 мың 657 долларлық жаңғақ пен өнімдері басты орынды иеледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазына және қаржы министрі АҚШ-қа аттанды
Министр Мехмет Шимшек АҚШ-та "ХВҚ" және Дүниежүзілік банктің жиналыстарына қатысады.