Алғашқы 8 айда 632 миллион доллардан астам су өнімі экспортталды

Түркия қаңтар-тамыз кезеңдерінде 81 елге су өнімі экспорттады.

1497451
Алғашқы 8 айда 632 миллион доллардан астам су өнімі экспортталды

Түркия жылдың алғашқы 8 айлық мерзімінде су өнімдері экспортынан 632 миллион 260 мың 657 доллар табыс түсірді.

Түркия қаңтар-тамыз кезеңінде 81 елге 122 мың 613 тонна су өнімдері экспорттады.

Бұл кезеңде Голландия, Италия және Ресей Федерациясы ең көп экспорт жасалған елдер болды.

Қаңтар-тамыз кезеңдерінде Голландияға 87 миллион 91 мың 789, Италияға 83 миллион 615 мың 774 және ресейге 67 миллион 127 мың 210 долларлық су өнімдері экспортталды.

Осылайша аталмыш кезеңде су өнімдері экспортынан барлығы 632 миллион 260 мың 657 долларлық табысқа қол жеткізілді.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл экспорт жасалған елдер қатарына Мысыр, Финляндия, Джибути, Мавритания, Ирландия, Камерун, Танзания, Майотта, Марокко, Сенегал, Руанда және Қырғызстан қосылды.



Ұқсас жаңалықтар