Британдықтардың бағыты - Түркия

Британдық туристер күзде Түркияда демалуды таңдады.

1497300
Британдықтардың бағыты - Түркия

Түркия Қонақүй Федерациясының вице-президенті Мехмет Ишлер Еуропадағы Kovid-19 жағдайының нашарлауының британдық туристерді күзгі демалысын Түркияға ауыстыруға итермелегенін айтты.

Ишлер Ковид-19 әсер еткен секторлардың бірі болып табылатын туризмде эпидемияға қарамастан ішкі және шетелдік қонақтарды қабылдауды жалғастыруда екенін және күзде қозғалыстың Жерорта теңізі мен Эгей жағалауында жалғасатынын мәлімдеді.

Ресей секілді көптеген елден қонақтарын күтіп алған Түркияда маусымның соңғы айлары күтілгеннен жақсы өтті.  Ишлер Түркияның биыл 16 миллион турист және 11 миллиард доллар табыс нысанасы бар екенін, осы мақсатқа қарай табандылықпен жылжып отырғанын айтты.

Ол мыңдаған орыс туристің демалу үшін Анталияға келгенін білдірді. «Биылдың сюрприз елдерінің бірі- Ұлыбритания.  Британдық туристер Испанияға баратын еді.  Испания шекарасын жапты.  Медициналық инфрақұрылымы және үкіметтің шешіміне орай үлкен қателіктер жіберді.  Вирус жұқтыру оқиғасы артты» деді ол.

Испания,  Италия, Хорватияға бара алмаған туристердің Грекия мен Түркияны салыстырғанын айтып: «Грекияның медициналық жүйесінің жақсы болмауы және Түркияның өте жақсы деңгейде дамыған болуы туристердің таңдауларына әсер етті. Олардың басында британдық туристер келеді.  Қыркүйек айында британдықтар көп келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар