Иранда шетел валютасының бағамы өсті

Иранда доллар мен евроның бағамы рекорд жаңартты.

1496055
Иранда шетел валютасының бағамы өсті

Иранда соңғы кездері артып отырған доллар мен евроның құны ел тарихының ең жоғары деңгейіне көтерілді.

Елде еркін валюта нарықтарын қадағалайтын «bonbast.com»-ға қарағанда, еркін нарықта долларды сатып алу бағасы 28 мың 100 түменге дейін өсті.

Осылайша доллар бағасы алғаш рет 28 мың түменнен асты. Жаңа бір рекорд жаңартқан евро нарықта 32 мың 900 түменнен сатылды.

Иран Статистикалық орталығы жариялаған мағлұматтарға қарағанда елдегі жылдық инфляция мөлшері де 26 пайызға жетті.



Ұқсас жаңалықтар