Денсаулық туризмінде Түркия жұлдыздай жарқырады

Түркияда денсаулық туризмінен індетке қарамай бір миллион доллар кіріс кірді.

1494103
Денсаулық туризмінде Түркия жұлдыздай жарқырады

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен белсенді күрес жүргізген елдер арасындағы Түркия денсаулық қызметкерлері және дамытқан жүйесімен мақтау алды. 

Түркия денсаулық сақтау саласындағы реформалар, денсаулық жүйелері және жекеменшік ауруханалардың көрсеткен талпынысы нәтижесінде денсаулық туризмінде маңызды даму көрсетті.

Анадолы агенттігіне бағаландыру жасаған Doc's Health Tourism Agency ұйымының жетекшісі (CEO) Юсуп Темрел Түркияның осы кәсіпорыннан індет процесіне қарамай соңғы жылы орташа бір миллиард доллар кіріс кіргізгенін білдіріп, мұның мөлшермен 60 пайызы эстетикадан келгенін айтты. 

Түркияда өткен жылы денсаулық туризмі аясында 662 мың 87 науқастың емделгенін айтқан Темрел:

"2020 жылы ширекте 143 мың 266 кісіге қызмет берілді, мұның кірісі 187 миллион 955 долларға жетті. Түркияға денсаулық қызметін алған халықаралық науқастар ең көп Ирак, Әзербайжан және Түрікменстаннан келді" деді.

Зерттеуге қарағанда Түркияның індет кезіндегі ең сенімді елдер арасында Франция,Италия, Испания және Ұлыбритания сияқты Еуропа елдерінен алда болғанын білдірген Темрел індеттен сақтануда кеш қалды деп сыналған АҚШ 58-ші орынды иелегенін айтты.    



Ұқсас жаңалықтар