Түркия 44 елге бал экспорт етті

Бахрейнге өткен жылы 15 мың 700 долларлық, биыл 131 мың 263 долларлық бал экспорт етілді.

1492658
Түркия 44 елге бал экспорт етті

Түркиядан биылғы қаңтар мен тамыз айларында 44 елге 16 миллион 593 мың 563 долларлық бал сатылды.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санағына қарағанда биыл 8 айда 3 мың 751 тонна бал экспорт етілген.

Өткен жылы ұқсас мезгілде 13 миллион 597 мың 877 долларға 3 мың 142 тонна бал экспорт етілгені ескерілгенде экспорт мөлшері 19 пайыз, кіріс 22 пайыз артты.

Былтыр 39 елге бал сатылды. Биыл Польша мен Йеменді қамтыған 44 елге бал экспортталды.

Бал экспортында ең көп кіріс кірген ел Бахрейн болды.

Өткен жылы 15 мың 700 долларлық бал экспорт етілген Бахрейнге биыл 736 пайыз артумен 131 мың 263 долларлық бал жолданды. 



Ұқсас жаңалықтар