Каппадокия туризмі жанданды

Түйеге міну турларына қатысқан туристер Каппадокиядағы пері муржалары және табиғи жартастармен қоршалған өңірлерде саяхатқа шығады.

1491972
Каппадокия туризмі жанданды

Түркияның маңызды туризм орталықтарынан Каппадокияда туристер түйеге міну турына қатысып, аймақтың ертегідей  көркем көрінісін тамашалады.

БҰҰ Ғылым, Білім және Мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлем мұралары тізіміндегі Каппадокияда табиғи, тарихи және мәдени көркемдіктер арасында туристерге арналған әралуан іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Соңғы жылдарда қызығу артқан түйеге міну турларына қатысқан туристер Каппадокиядағы пері муржалары және табиғи жартастармен қоршалған өңірлерде саяхатқа шығады.

Аймақтағы Мескендер, Гүллүдере және Қызыл сайда сейілге шығатын түйе керуендері керемет көріністер қалыптастырып, туристерді тәнті етуде. 



Ұқсас жаңалықтар