БАӘ Израильде кеңсе ашты

Тель-Авивте инвестиция кеңсесі ашылды.

1492330
БАӘ Израильде кеңсе ашты

Абу-Даби инвестициялық бюросы (ADIO) Израиль астанасы Тель-Авивте өкілдігін ашты.

Абу-Даби үкіметінің баспасөз кеңсесінің әлеуметтік медиа аккаунттарында жарияланған мәлімдемеде өкілдіктің Инвест Ин Израильмен келіссөздер аясында, Абу-Даби мен Тель-Авив арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер мен қолданыстағы серіктестіктерді талқылау мақсатында ашылғаны айтылды.

Мәлімдемеде бұл кеңсе халықаралық агенттіктер желісіндегі Абу-Дабидегі қызметін кеңейтуге, жаһандық сын-қатерлерге шешім табуға және жаһандық инноваторлармен байланыс орнатуға ұмтылған жаһандық компанияларға қолдау көрсететін алғашқы кеңсе болатындығы айтылды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) 13 тамызда, ал 11 қыркүйекте Бахрейн Израильмен қарым-қатынастарын толығымен қалыпқа келтіру туралы келісімге келді деп мәлімдеген болатын.

1979 жылы Мысыр, 1994 жылы Иорданиядан кейін Израильмен қалыпқа келу туралы келісімге келген үшінші араб елі БАӘ, ал төртінші араб елі Бахрейн болды.

Израиль, БАӘ және Бахрейн арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімдерге кеше Ақ үйде Трамп пен Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың қатысуымен қол қойылды. Қол қою рәсіміне БАӘ Сыртқы істер министрі Абдулла бин Зайид Аль Нахаян мен Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид эз-Зейани қатысты.



Ұқсас жаңалықтар