Анталияға 2 миллионнан астам турист келді

Анталияға 1 қаңтар мен 13 қыркүйек арасында 2 миллион 3 мың 946 турист келді.

1491946
Анталияға 2 миллионнан астам турист келді

"Туризм астанасы" аталған Анталияға 1 қаңтар мен 13 қыркүйек арасында келген турист саны 2 миллион 3 мың 946 кісіге жетті.

Шілде айында туризм жандана түскен Анталияда Мәдениет және Туризм министрлігінің ұйымдастыруымен індет процесінде басталған "Сенімді туризм сертификат бағдарламасы" аясында сенімді және денсаулықты туризм қызметі берілуде. 

Теңіздің, құмның, күннің, тамаша жағажайлардың, кеме турларының қызығына бөлеген Анталияға 1 қаңтар мен 13 қыркүйек арасында 2 миллион 3 мың 946 турист келді.

Турист санының пандемия кезінде 2 миллионнан асуы туризм саласына болымды әсер жасады.

Қалаға 13 қыркүйеккке дейін турист жолдаған елдер арасында Ресей 703 мың 463 туристпен бірінші орынды иеледі. 

Украина 354 мың 518 туристпен екінші, Германия 239 мың 673 туриспен үшінші орынды алды.



Ұқсас жаңалықтар