Шай экспорты артты

Түркия 103 елге шай экспорттады.

1490308
Шай экспорты артты

Жылдың алғашқы сегіз айында Түркиядан 103 елге 10 миллион 772 мың долларлық шай сатылды.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының деректеріне қарағанда, қаңтар-тамыз айларында 2 мың 753 тонна шай экспортталды. Осы кезеңде экспорт етілген шай мөлшері өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15 пайыз артты. Құны да 33 пайыз артып, 10 миллион 772 мың доллар болды.

Түркия осы мерзімде барлығы 103 елге шай сатты.  Бельгия, Германия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Америка Құрама Штаттары және Нидерландыға ең көп шай экспорт етті. 3 миллион 915 мың долларлық шай экспортымен алғашқы орында Бельгия келеді.  1 миллион 339 мың долларлық экспортпен Германия,  710 мың долларлық экспортпен СКТР, 709 мың долларлық экспортпен АҚШ, 639 мың долларлық экспортпен Нидерланды келеді.



Ұқсас жаңалықтар