Түркия мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі артады

Сауда министрі Рухсар Пекджан Әзербайжанмен сауда көлемін арттыруды көздегендерін білдірді

1488942
Түркия мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі артады

Сауда министрі Рухсар Пекджан Әзербайжанмен сауда көлемін арттыруды көздегендерін білдірді. 

Сауда министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Пекджан ресми сапармен Түркияға келген Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сабиха Гафаровамен кездесті. 

Пекджан Министрлік ғимаратында өткізілген кездесуде айтқан сөзінде Түркия мен Әзербайжанның дос және бауырлас ел екенін білдіріп, қонақ төрайымның сапарына риза болғанын айтты. 

Пекджан Түркия мен Әзербайжан арасында 2020 жылы 25 ақпанда Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысының өткізілгенін еске салып,  осы жиналыс арқылы екі елдің сауда көлемін арттыру тұрғысынан өте маңызды бір қадам болған Сауда келісімінің жасалғанын атап өтті.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісі төрайымы Сабиха Гафарова да екі ел арасындағы сауда әлеуетінің болғанын, өзара ынтымақтастық және ортақ талпыныстармен қазіргі сауда көлемін артыруды мақсат еткенін білдірді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар