ASELSAN Қазақстан үшін тыныс алу аппаратарын өндіреді

Әскери электроника өнеркәсібі Қазақстандағы 300 медициналық ұйым үшін 1500 дана тыныс алу аппаратын өндіреді.

1488084
ASELSAN Қазақстан үшін тыныс алу аппаратарын өндіреді

Әскери электроника өнеркәсібі (ASELSAN) Қазақстандағы 300 медициналық ұйым үшін 1500 дана тыныс алу аппаратын өндіреді. 

Қазақстан ASELSAN Engineering (KAE) Бас директоры Зия Чамоғлұ жасаған мәлімдемесінде Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен 1500 дана тыныс алу аппаратын өндіру келісіміне қол қойғандарын білдіріп, "243 облыс немесе ауданда орын алған мөлшермен 300 медициналық  ұйымға осы жүйелерді тапсырып береміз. Сонымен қатар білім береміз және аппараттардың қолдануын үйретеміз" деді. 

Қазақстанда мұндай бір жоғарғы технологиялық аппараттың алғаш рет өндірілетінін айтқан Чамоғлұ аппараттардың тапсырылуы қыркүйек және қазан айларында тамамдалатынын, сондай-ақ қазіргі  инфрақұрылымымен мемлекеттің қажеттіліктерін әрқашан қамтамасыз ете алатынын айтты. 

Чамоғлұ Қазақстан үшін басқа медициналық жабдықтардың өндіру талаптарының болғанын түсіндіріп, мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз еткеннен кейін аппараттарды басқа елдерге де экспорт ететіндерін  білдірді. 

ASELSAN мен Қазақстан Engineering фирмасының ынтымақтастығымен 2011 жылы құрылған KAE Қазақстан армиясының қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуде. 

 



Ұқсас жаңалықтар